Волейболшы қыздарды ұрған жаттықтырушы видеоүндеу жариялады – видео
Волейболшы қыздарды ұрған жаттықтырушы видеоүндеу жариялады – видео
181
оқылды

Желіде волейболдан қыздар командасының жаттықтырушысы Азамат Тұрмағамбетовтің видеоүндеуі жарияланды.

Мұның алдында бапкердің әрекеті видеоға түсіріліп, тексеру жүргізуге себеп болды. Ол Жаңаөзендегі №3 орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Оның айтуынша, видеороликтегі қыздар Жаңаөзен волейбол командасының мүшелері, спортта жетістікке жетіп жүрген спортшылар.

"Шеттен қарағанда шапалақ болып көрінгенімен, олай емес. Алтыншы нөмірдегі ойыншы команданың лидері, өз әрекетіммен оны ойынға қыздырып, команданы жандандыруға талпынысы болғанын қаладым. Әрекеттерім шеттен қарағанда ойыншыларға дөрекілік көрсеткендей болғаны үшін кешірім сұраймын", – дейді видеода Тұрмағамбетов.

Мұның алдында әлеуметтік желілерде жаттықтырушының волейболшы қыздарды бетінен және басынан ұрғаны түсірілген видео пайда болды. https://www.youtube.com/watch?v=xIlH40Vz4bk&feature=emb_logo&ab_channel=LADAKZ%D0%A0%D0%B5%D0%B7%D0%B5%D1%80%D0%B2 Видео: Lada.kz   https://youtu.be/EVFwTV53Cxw Видео: Tengrinews.kz