10 000 жасотандық гүл шоғын қойды
10 000 жасотандық гүл шоғын қойды
120
оқылды

16 желтоқсан – барлық қазақстандықтар үшін ең басты мемлекеттік мереке. Бұл күні 1991 жылы Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Nur Otan партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңға қол қойды.

Біздің мемлекетіміз қай бағытта дамып жатқаны ғана емес, жүріп өткен жолды объективті түрде бағалауды да түсіну әрқашан маңызды.    width=  width= Қазір біз ядролық қарудан бас тарту Қазақстанға әлемдік аренадағы позициясын нығайтуға және шетелдік инвестицияларды тарту бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылықты басқаруға қалай мүмкіндік бергенін мақтанышпен айтып отырмыз. Этносаралық бірлік пен келісімнің қалыптасқан бірегей үлгісі ретінде ішкі саяси тұрақтылықтың кепілі болды. 90-жылдары егемендікке қол жеткізіп, біз экономикалық өсуді қамтамасыз етіп, орнықты мемлекеттік институттар құра алдық. Жалпы Тәуелсіздіктің 29 жылы ­– бұл күрделі реформалар мен күрделі шешімдер кезеңі болды, нәтижесінде Қазақстан кеңестік перифериядан халықаралық аренада кеңінен танымал нарықтық экономикасы бар мемлекетке айналдырды. Елбасының саяси бағытын жүзеге асыра отырып, біз зор табыстарға жеткеніміз анық. Осы кезеңде жас қазақстандықтардың бірнеше ұрпағы дүниеге келіп, өсті. Көбісі бұл қиын кезеңдер мен тарихи оқиғалардың куәгерлері болған жоқ. Сондықтан, ең алдымен, жастар ел қандай жолдан өткенін және қандай қиындықтарды жеңгенін түсінуі маңызды. Бүгін тарихи күнді мерекелеу аясында әрбір ірі қала мен облыс орталықтарында жасотандықтар ескерткіштерге, монументтер мен стеллаларға гүл шоғын қойды. Осылайша, жастар қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған аға буынға құрмет білдіреді. Тек Алматыда 500-ден астам жасотандықтар Алматы қаласында «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Jas Otan жетекшісі Елнұр Бейсенбаев: «Алматы – Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Дәл осы қалада Қазақстанның Егемендігі туралы Декларацияға, астананы көшіру туралы бұйрыққа қол қойылды және ҚР Конституциясы қабылданды. Біз осындай айтулы оқиғалардың өзегіне айналған осы ерекше күнді, атап айтқанда Алматыда кеңінен танымал етуді өзіміздің парызымыз деп санаймыз. Бүгін мереке Алматыда ғана емес, бүкіл республика бойынша атап өтілуде», – деді.

Айта кету керек, еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты акция барысында санитарлық нормалар мен бетперде режимі сақталды.