Көкшетау тұрғындары мемлекеттік Туды балкондарына іліп, Тәуелсіздік күнімен құттықтады – видео
Көкшетау тұрғындары мемлекеттік Туды балкондарына іліп, Тәуелсіздік күнімен құттықтады – видео
«Менің Туым - менің Отаным» республикалық челленджіне Көкшетау тұрғындары да атсалысты. Балконына еліміздің көк Туын іліп қойған Сарыарқа шағынауданы, 8/4 тұрғын үйінің тұрғындары қазақстандықтарды Тәуелсіздік күні мерекесімен осылайша құттықтады, – деп жазады ҚазАқпарат.
«Пәтер иелері мұндай акцияны ұйымдастыруды көптен армандады. Сарыарқа шағынауданында біздің тұрғын үй – ең биік ғимарат. Мұнда Тәуелсіз Қазақстанның нағыз патриоттары тұрады. Сол себепті «Менің Туым - менің Отаным» республикалық челленджіне аса қуанышпен атсалыстық», – дейді қала тұрғыны Мұрат Есмағамбетов. https://www.youtube.com/watch?v=HzA39b9D52g&feature=emb_logo&ab_channel=KAZINFORM Видео: ҚазАқпарат