Атырау облысы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша «қызыл аймаққа» енді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы. Ведомствоның мәліметінше, 16 желтоқсандағы жағдай бойынша «қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысы тұр. «Сары аймақта» Алматы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бар. Қалған өңірлер - «жасыл аймақта».