«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек "Nur Otan"-ның республикалық сайлауалды штабымен бірге Жамбыл облысына барып, қала тұрғындарымен кездескенін хабарлады. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
"Құрметті достар! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
«Nur Otan»-ның республикалық сайлауалды штабымен бірге Жамбыл облысына бардық. Өнеркәсіп кәсіпорындарының ұжымымен, шағын және орта бизнес өкілдерімен, ауыл тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын талқыладық.Тұрғындар жастарға қолдау көрсету, денсаулық сақтау саласының сапасын көтеру, мемлекеттік органдар жұмысын жақсарту, ауыл шаруашылығын дамыту секілді мәселелерді көтерді. Аталған ұсыныстардың барлығы біздің сайлауалды бағдарламаларымызда қамтылған. Оларды праймериз барысында жұртшылық кеңінен талқылаған болатын.Сонымен, өңірде 100-ден астам ауылды сапалы ауыз сумен, газбен және кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жоспарланып жатыр. Сондай-ақ 13 жаңа мектеп пен Оқушылар сарайын салу көзделуде.«ҚТЖ» Локомотив депосы мен «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытының ұжымымен кездесуде азаматтарды әлеуметтік қолдау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелерін талқыладық.«Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасы аясында 130 мың жұмыссыз адамды еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптерге оқыту көзделген. Сонымен бірге 150 мың адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытылады.Нақты Жамбыл облысында өңдеу өнеркәсібі саласында 19 инвестициялық жобаны іске асыру және 8 жаңа өндірісті іске қосу жоспарлануда. Соның нәтижесінде өңірде 5 жыл ішінде 84 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылады.Облыс спортшыларымен кездесу барысында бұқаралық спортты, әсіресе балалар арасында спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша партиялық бағдарламадағы негізгі басымдықтар жайында айттым.Жалпы, ұлттық спорт түрлері тың қарқын алады. «Nur Otan» ат спортын және басқа да бағыттарды насихаттау мен дамытуға ықпал етеді.Жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2023 жылға қарай 2 есе артады. Дене шынықтыру мұғалімдеріне мектептерде спорт секцияларын ұйымдастырып, жүргізгені үшін базалық еңбекақысына 100% мөлшерінде қосымша ақы төленеді.Әрбір ауылдық округте спорт инструкторы лауазымы енгізіледі. Барлық тірек ауылдарды қамти отырып, балалар-жасөспірімдер клубтарының саны мыңға дейін жеткізіледі. Ересектер мен ерекше қажеттілігі бар балалардың спортпен шұғылдануларына жағдай жасалады", – деп жазды ол.