40 жыл донор болған дәрігер 9 мыңға жуық баланың әкесі атанды
40 жыл донор болған дәрігер 9 мыңға жуық баланың әкесі атанды
147
оқылды

АҚШ-тағы Детройт қаласында отбасылық дәрігер 40 жыл бойы пациенттерін ұрықтандырып, 9 мыңға жуық баланың әкесі атанды, деп жазады nypost.com.

104 жастағы Филипп Певен жүкті болғысы келетін әйелдерге ұрық доноры болған. Оның қыздарының бірі Джейми Холл тест тапсырып, дәрігердің өз әкесі екенін білген.

Содан соң ол дәрігердің донор болуы арқасында дүниеге келген өзі секілді аға-әпкелерін тауып алған.  61 жастағы Холдың айтуынша, барлық туу туралы куәлікте 104 жастағы дәрігер әке емес,  акушер және гинеколог ретінде көрсетілген.

Дәрігер 1947 жылдан бастап ұрық доноры болған екен.
«Бұл нағыз ертегі, солай емес пе?»», — деді ол.
Ал жасанды ұрықтандыру жолымен дүниеге келген балалар бұл жаңалықты жақсы қабылдапты. Дәрігер болмағанда,  дүниеге келмес едік деп есептейді. Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік дәрігер Павел Фадеев 2021 жылы әлемде жаңа эпидемия басталатынын айтқанын жазған болатынбыз.