Ұлыбританияда коронавирустың тез таралатын түрі шықты
Ұлыбританияда коронавирустың тез таралатын түрі шықты
148
оқылды
Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэттью Хэнкок елде SARS-CoV-2 коронавирусының бұрынғыдан гөрі тез таралатын жаңа штамы табылғанын айтты. Бұл туралы Newsweek басылымы хабарлады. Хэнкоктың айтуынша, Лондон мен Англияның оңтүстігіндегі бірнеше ауданда COVID-19 өршіген кезде жаңа қатаң шектеу шаралары енгізіледі. Алайда жаңа штамды қанша адам жұқтырғаны және коронавирустың бұл түрі инфекцияның көбеюіне қалай ықпал еткені әлі белгісіз. Сондай-ақ оның SARS-CoV-2-нің белгілі штамдарынан гөрі өлім жағдайларын тудыратыны туралы ешқандай дәлел жоқ. Дегенмен ол адамнан адамға оңай әрі тез жүғатын болып шықты. Вирустың жаңа штаммы елдің 60 аймағында мыңға жуық адамнан анықталған. Оның көп бөлігі Англияның оңтүстігінде тіркелді.