Халық артисі Айша Абдуллина өмірден өтті
Халық артисі Айша Абдуллина өмірден өтті
185
оқылды

«ҚазАқпараттың» жазуынша, 103 жасқа қараған шағында көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақстанның халық артисі, «Парасат», «Құрмет белгісі», «Ұлы Отан соғысының ардагері» ордендерінің иегері Айша Абдулина өмірден өтті.

Бұл туралы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры, Қазақстан Театрлар ассоциациясының вице-президенті Асхат Маемиров хабарлады.

Актриса Айша Абдуллина 1916 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1935 жылы Қазақ мемлекеттік драма театры жанындағы 2 жылдық студияны аяқтайды. Еңбек жолын Қазақ өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрынан бастады. 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ өнері мен мәдениетінің он күндігінде Жамбыл Жабаев, Күләш Бәйсейітова, Қ.Жандарбековтермен бірге өнер көрсетеді. Декада қорытындысы бойынша Сталиннің қолынан «Еңбек Қызыл Ту» орденін алады. Қазақ театр өнерінің тарихында тұңғыш рет Дездомана бейнесін сомдаған. Кейін Шымкент қаласына қоныс аударып, Ж.Шанин атындағы академиялық театрында 65 жыл бойы үзіліссіз актриса болып қызмет етті. Орындаушылық диапазоны кең актриса ұлттық драматургия мен әлемдік классиканың жауhарларында бір-біріне ұқсамайтын 100-ден аса саxналық бейнені сомдап, әйелдер бейнесінің толыққанды галереясын жасады. Солардың ішіндегі Айша Абдуллина апамыздың өнердегі бойтұмары – Еңлік, Қыз Жібек, Дездемона бейнелері еді.