Қазақстандықтар алғаш рет Disney киноконцерттерін тамашалай алады

Қазақстандықтар алғаш рет Disney киноконцерттерін тамашалай алады

27 желтоқсан күні сағат 17:00-де «Астана» телеарнасынан танымал анимациялық фильмдердегі әуендерді тыңдап, сүйікті көріністерді қайта көру мүмкіндігі тумақ. Еліміздің талантты әншілері – Данияр Өтеген, Адам, Кентал, Данэлия Төлешова, Ерден Жақсыбек, Жарқынай Ханайым, Балжан Бидаш, Берік Бердекеев, Әбілқайыр Жұмабай және Наргиз Кудренова Александр Беляков жетекшілік ететін үлкен симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Disney-дің анимациялық фильмдерінің қазақ тіліндегі атақты саундтректерін орындайды. . «Сұлу мен Құбыжық», «Мулан», «Аладдин», «Арыстан Патша», «Покахонтас», «Моана», «Ханшайым мен құрбақа», «Зверополис», «Су перісі», «Рапунцель», «Мұзды өлке» сияқты классикалық фильмдерден алынған музыкалық жауһарлар көрерменге тарту етілмек. ⠀ Киноконцерт балаларды жанды музыканың керемет әлемімен таныстырады. Эльза, Анна, Белл, Аладдин, Симба және басқа да сүйікті кейіпкерлер балалардың классикалық әуенге қызығушылығын оятары анық.