Әйелге қайтыс болған анасынан хат келді
Әйелге қайтыс болған анасынан хат келді
198
оқылды

АҚШ-тың Огайо штаты Янгстаун қаласының тұрғынына 2015 жылы анасы туған күніне жазып жіберген хат келді, - деп жазады UPI басылымы.

Катрина Джонс (Katrina Jones) түс кезінде өзіне келген хаттар арасынан конверт тауып алған.

«Хат жіберушінің мекенжайында анамның тұратын жері көрсетілген. Мен жазудың анамдікі екенін көріп, хатты ол жазғанын түсіндім. Анам 2018 жылы қайтыс болған», — дейді әйел.

Конвертте туған күнмен құттықтау ашық хаты болған. Джонс хаттың ұзақ уақыт неге келмегенін білмейтінін айтады. Алайда оны өзіне берілген белгі деп есептейді.