Түркіменбашы туралы ақпарат үшін Wikipedia-ны бұғаттады
Түркіменбашы туралы ақпарат үшін Wikipedia-ны бұғаттады

Zakon.kz-тің жазуынша, Wikipedia – Түркіменстанда қолданушылар ең көп сайттардың бірі.

Түркіменстанның Wikipedia-ны бұғаттаны туралы Tukmen.News басылымы хабарлады деп жазады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Дереккөз Wikipedia-ның бұғатталуына ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов туралы мақалаға жаңа мәліметтердің қосылуы себеп болған.

5 қарашада Түркіменбашы туралы дерекке «Жеке басы және көзқарастары» деген бөлім қосылып, АҚШ-тың Ашғабадтағы елшілік қызметкерлерінің пікірлері салынған.

Он жыл бұрын WikiLeaks сайтында жарияланған америкалық дипломаттардың Бердімұхамедов жайында «менменшіл, кекшіл, өте консервативті, өтірікші және өзінен білімді, ақылдыларды жақтырмайды» деген пікірлері қосылған.

Alexa сараптама сайтындағы мәліметке сәйкес, елде тәуелсіз сайттар ашылмайды. Олардың ішінде Азаттықтың түркімен қызметінің сайты да бар. Мұнан тысқары Түркіменстанда барлық әлеуметтік желілер мен мессенджерлер бұғатталған.