Күн жылынады

Күн жылынады

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, алдағы екі күнде күн жылынады.

«Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағына жылжып, жауын жауады. Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының айтарлықтай көтеріледі. Алдағы үш тәулікте циклон және фронтпен байланысты жоғары барикалық жыра әлсіреп, Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай жылжиды. Ал тропосфералық ағындар (5 шақырымға жуық биіктікте) ендікке ауыса бастайды» делінген хабарламада. 

Сондықтан Қазақстанда күн жылынады. Ішінара көп аймақта қар, тұман түсіп, көктайғақ болады.