Албания: Зілзаладан қаза тапқандар саны артуы мүмкін
Албания: Зілзаладан қаза тапқандар саны артуы мүмкін
120
оқылды

France Presse агенттігіне сілтеме жасаған «Қазақпараттың» жазуынша, Албанияда болған жер сілкінісінен 18 адам қаза тапты.

Бұған дейін Exit порталы 16 адам мерт болып, 600 адам зардап шеккенін хабарлаған. 43 адамды үйінділер арасынан алып шыққан. Тиранада 500-ге жуық ғимарат қираған.

АҚШ Геология қызметінің мәлімдеуінше, 6,4 магнитудалы зілзаланың эпицентрі Тирананың жанындағы Шиджак қаласынан солтүстік-батысқа қарай 10 шақырымда болған. Зілзала ошағы 10 км тереңде орналасқан. Зілзала дүмпуін Солтүстік Македония, Сербия, Черногория, Босния және Герцеговина, Грекия, Хорватия және Италия тұрғындары да сезген.