Данияр Елеусінов IBF чемпионы титулымен марапатталды
Данияр Елеусінов IBF чемпионы титулымен марапатталды
180
оқылды
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) жартылай орта салмақтағы IBF Intercontinental чемпионы титулымен ресми түрде марапатталды, – деп хабарлайды Sports.kz «Құрметті Данияр Елеусінұлы! IBF сізді жартылай орта салмақтағы Intercontinental титулымен марапаттау құрметіне ие болғаныңызбен құттықтаймын. 2020 жылдың 27 қарашасында Флорида штатының Голливуд қаласында Джулиус Индонгоны жеңгеніңіз, сіздің нағыз чемпион екеніңізді бүкіл әлемге дәлелдейді. Осы беделді марапатты қабыл алғаныңыз үшін алғыс білдіреміз және сіз IBF титулын үлкен құрметпен, абыроймен алып жүретініңізге сенімдіміз. Уақыты келгенде  жекпе-жектер бойынша хабарласатын боламыз. Құрметпен, (IBF) төрағасы Карлос кіші-Ортис», – делінген Халықаралық бокс федерациясы төрағасының ресми хатында. Хаттың скриншотын Д.Елеусіновтің менеджері Зия Әлиев өзінің Instagram-сторисінде жариялады.

Еске салайық, Данияр Елеусінов бұрынғы әлем чемпионы Джулиусо Индонгоны нокаутпен жеңген болатын.