КТК телеарнасының хабарлауынша, Таразда оқушының әжетханада зорлау оқиғасына байланысты қалалық білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті.
Қалалық білім бөлімінің басшысы Мүбәрак Жинақбаева өз еркімен жұмыстан кету жөнінде арызын жазған. Ол денсаулығына байланысты осы айдың басынан бері емделіп жүрген. Мектептегі оқиға кезінде де ауруханада жатқан. Ол қалалық білім басқармасын екі жарым жылдай басқарған.
Еске сала кетейік, «Айқын» газетінде «Мектептегі қылмыс: кінәлі кім?» деп жазған болатынбыз.