Жүктілігін жасырған 12 жасар мектеп оқушысы сау бала босанды
Жүктілігін жасырған 12 жасар мектеп оқушысы сау бала босанды
Испанияда жүктілігін отбасынан және сыныптастарынан жасырған 12 жасар қыз баласын аман-есен босанған. Бұл туралы Aikyn.kz  Daily Star басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Баланың әкесінің кім екендігі әлі ресми түрде анықталған жоқ. Қыздың жасына байланысты қауіп-қатерге қарамастан, босану қиын болмаған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, сәбидің әкесі, 17 жастағы жасөспірім, болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмады. Қыздың және оның отбасының аты-жөндері құпия сақталған. Қазіргі уақытта полиция оның жыныстық қатынасқа өз еркімен келіскенін немесе мәжбүр болғаны анықталуда. Қыздың наурыз айындағы үй карантині кезінде жүкті болғаны атап өтілді. Карантин алынып тасталған кезде, испандық кыз оқуын жалғастыра береді, ал оның жүктілігін ешкім байқамаған. Мектеп оқушысының ата-анасы жаңа туған баланы асырап алуға беретіндерін айтты.