104 жастағы бұрынғы дәрігер 9 мың баланың әкесі атанды
104 жастағы бұрынғы дәрігер 9 мың баланың әкесі атанды
168
оқылды
АҚШ-тың Детройт қаласында тұратын 104 жастағы бұрынғы дәрігер Филипп Певен 40 жылдан аса уақыт бойы пациенттерді ұрықтандырған. Нәтижесінде ол 9 мыңға жуық баланың әкесі атанды. Бұл туралы британиялық The Sun хабарлайды. Басылым мәліметінше, дәрігер жүкті болғысы келетін клиенттер үшін ұрық (сперма) доноры болған. Джейми Холл есімді қыз туған әкесін табуға шешім қабылдап, ДНҚ тестінен өткен. Нәтижесінде ол Филипп Певен өзінің туған әкесі екенін білген. Кейін Джейми өзінің туған бауырлары мен әпкелерін іздеуге кіріскен. Ол туыстарын 23andMe биотехнологиялық компаниясының сайты арқылы іздеген. Қыз туысы болуы мүмкін адамдармен байланыса бастаған. 2020 жылдың қаңтарында ол Холл есімді әпкесімен бірге әкесі Певенмен кездескен. Зейнеттегі Филипп Певен өзінің биологиялық материалын клиенттерді ұрықтандыру үшін пайдаланғанын мойындаған. Дәрігердің айтуынша, оның әріптестері де донор болған. Джейми Холл мен оның ағалары мен әпкелері бұл жағдайға түсіністікпен қарап отыр. "Мен бұл жағдайдан жамандық көріп тұрғаным жоқ. Барлық әйел, оның ішінде менің де анам оған амалдың жоғынан келді. Ол әйелдерге керегін берді. Мен ол адамдарға көмектесуге тырысты деп ойлаймын. Ол болмаса, қазір мен осында болмас едім", - дейді қыз басылымға берген сұхбатында.