«Манчестер Юнайтед» командасы Нұр-Сұлтанға келді (видео)
«Манчестер Юнайтед» командасы Нұр-Сұлтанға келді (видео)
150
оқылды

Vesti.kz-тің жазуынша, «Манчестер Юнайтед» командасы «Астана» командасымен матч өткізу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келді.

«Манчестер Юнайтед» командасының ұшағы Нұр-Сұлтанға 27 қараша күні шамамен таңғы 4:20-да қонған. Әуежайда әйгілі команданы жанкүйерлер күтіп алды.

«Манчестер Юнайтед» делегациясының құрамында 100-ге жуық адам бар.

Футболшылар, бапкерлер және клуб қызметкерлерімен бірге БАҚ өкілдері келді.

Айта кетейік, «Астана» мен «Манчестер Юнайтед» арасындағы кездесу 28 қараша күні «Астана Аренада» өтеді.