Ержан Максим: Байқау алдында қатты қобалжыдым
Ержан Максим: Байқау алдында қатты қобалжыдым

Алматыда Eurovision Junior 2019 байқауының жүл­­дегері Ержан Максим бас­пасөз мәслихатын өткіз­ді. Ержан журналистер сұ­рақ­­тарына барынша ашық және еркін жауап берді.

– Байқау алдында қатты қобал­жыдым. Бірақ екінші орын да жаман емес. Менің өнерім сіздерге ұнады деп ойлаймын. Ештеңеге өкінбеймін. Нәтижесі шыққанша қобалжыдым. Екін­ші орын алғанымды есті­ген­де қуандым. Жылап жібере жаз­да­­дым, – деді жас өнерпаз ағы­нан жарылып.

– «Хабар» агенттігі – Еуро­па­лық хабар тарату одағының қа­уымдасқан мүшесі. Бұл мүше­лік Балалар Евровидениесі бай­­қауына елден екінші рет үміт­кер ұсынуға мүмкіндік берді. Еліміздің алғаш рет қаты­суы өте сәтті болды. Ержан Мак­сим 19 елдің әншілері қатыс­қан әнсайыста екінші орын алды. Сондай-ақ ол кәсіби әділ­­­қазылардың дауысы бойын­ша көш бастады. «Хабар» агент­­тігі осы шара үшін үлкен да­йын­дық және үгіт-насихат жұмыс­тарын жүргізді. Бізді TRT те­­­леарнасы мен өзбек және қыр­­ғыз әріптестеріміз қол­­да­ды. Ержан түркі әлемі өкі­лі ре­тінде сахнаға шықты, – деді «Хабар» телеарнасының ди­рек­то­ры Динара Бисембина.

Әншінің анасы Гүлмира Әлі­бек баласына қолдау көр­сет­кен қазақстандықтарға ри­за­шылығын білдірді. «Ержан ба­рын­ша өнер көрсетті. Бұл тек оның жеңісі емес, бүкіл Қазақстанның жеңісі деп ой­лаймын. Осы байқауды көру­ге мүмкіндік бергені үшін «Ха­бар» агенттігіне алғысымды ай­та­мын. Демеушілер мен ән авторлары, клип түсірушілерге көп рақмет! Барлық қазы­лар Ержанға жоғары балл бер­ді. Әлеуметтік желі қолдану­шы­лары да баға беріп жатты. Тіпті, ара­сында халық дауысының жетпей қалғаны үшін кешірім сұрағандар да болды. Ешкімге өкпеміз жоқ», – деді ол.

Ержан Максимнің жеке кон­церті алдағы жылы жазда елі­мізде, анығы әншінің ту­ған өңірі Орал қаласында өте­ді. Қазірдің өзінде жас өнер­­паздың өз елдерінде кон­церт бе­руіне ұсыныстар тү­сіп жа­тыр. Әншінің анасы Гүл­ми­ра Әлібектің айтуынша, кон­церт туралы ұсыныс Поль­ша ел­шілігінен түсті. Әзірге бұл мәселе жан-жақты талқы­ла­нуда. Концерт шамамен ке­лер жылдың наурыз айына жос­пар­ланып отыр. Бұл оның жеке концерті болады.