Бабалар қазынасы дәріптелді

Бабалар қазынасы дәріптелді

«Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасы аясында Қоста­най облысы Әулиекөл ауда­нын­да «Бабадан қалған қазы­нам» атты қазақ халық ас­паптарының аймақтық фес­тивалі өтті.

Фестивальге Алтынсарин, Науырзым, Қарасу, Қамысты, Қостанай аудандарының өнер­­паздары қатысты. «Қа­зақ халқының ғасырлар бойы жи­­нақтаған ұлттық құн­ды­лы­­ғын осындай бағыттағы ша­­ралар айғақтайды. Біздің бас­ты миссиямыз – ұлттық код­ты сақтау, жаңғырту, на­си­­хаттау. «Бабадан қалған қа­­зы­нам» атты қазақ халық ас­паптарының аймақтық фес­ти­валін мәдени мұрамызды дамыту, аймақтар арасында мәдени байланысты нығайту мен халық аспаптарында ойнау дәс­түрін дәріптеу мақсатында өт­кізіп отырмыз», – деп шы­мыл­дықты ашты Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жібек Кәкімжанқызы.

Аудандық мәдениет үйіне жиналған ұжым қазақтың му­зы­ка­лық аспаптарының өзі­не тән үнін, орындаушылық дәс­түрін ортаға салды. Фести­валь­дің бірінші кезеңінде ансамбльдер шығармалары орындалды. Ан­сам­бльдер өз шығармаларын эстра­далық бағытта ғана емес, сондай-ақ қазақ ха­лық ас­пап­тары – асатаяқ, шаң­қо­быз, шыл­дырмақтармен әспеттеді. Қарасу ауданы өнер мектебінен келген «Дала әуені» ансамблі, «Грек композициясы» квартеті, Алтынсарин ауданынан «Ата мұра» ансамблі, Қостанай ауданынан «Көк бөрі» этно­ансамблі, Әулиекөл ауданы өнер мектебінің «Қазына» этно­­ансамбльдері өнерін ор­та­ға салды. Екінші кезеңде же­келей орындаушылар бақ сынады. Үздік шыққандар ба­ға­лы сыйлықтармен және гра­мо­та­лармен марапатталды.


Әділ БЕК