Экрем Имамоғлу: Қазақстан халқына шын жүректен сәлем жолдаймын
Экрем Имамоғлу: Қазақстан халқына шын жүректен сәлем жолдаймын
116
оқылды
Қазақстандықтарды Түркияның Ыстамбул  қаласының мэрі Экрем Имамоғлу да құттықтады. Ол өзінің бейнебаян арқылы жолдаған құттықтауында Қазақстан туын аспандағы екінші күнге  теңеді.
"Қадірлі  бауырлас әрі досымыз Қазақстан халқы! 1991 жылдың 16 желтоқсаны  бауырлас Қазақстанның аспан түсті байрағы көк жүзінде екінші бір Күндей болып  жарқыраған еді.  Сол күннен  бастап Қожа Ахмет Ясауи  мұрасы шын қорғаушысын тапқан болатын. Бүгін  тәуелсіздігінің  29  жылдығында  Қазақстан халқына шын жүректен  сәлем жолдаймын.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ел халқын Тәуелсіздік күнімен  құттықтаймын.  Аспан түстес байрақтың Қазақстан көгінде еркін желбіреп тұратын сансыз мейрамдарда, Тәуелсіздік мерекелерінде  жүздесе берейік", - деді Экрем Имамоғлу.
https://www.youtube.com/watch?v=GYyOhXIa_OA

Меруерт ҚАНАҒАТ