Шу: Қызды алып қашып үйленбек болған жігіт қамалды

КТК арнасының хабарлауынша, Жамбыл облысында қызды күшпен қалыңдық еткісі келген азамат қамауға алынды.

Шу қаласының 30 жастағы тұрғыны өзі ұнататын қызға үйленбекші болған. Бірақ 20 жастағы бойжеткен оған тұрмысқа шығудан бас тартқан. Бұған намыстанған жігіт қыздың жұмысына келіп, оны алып қашуға әрекет жасаған.

Қыз есікті іштен іліп алып, ашпай қойған. Жігіт ашуланып, қолындағы пышақпен есіктің құлпын бұзбақ болады. Қызға әріптестері араша түскен. Ашуға булыққан азамат араша түскендердің біріне пышақпен жарақат салған. Жаралған жігіт ауруханаға жеткізілген. 30 жастағы күдіктіні полицейлер алып кеткен. 

Оқиғаға байланысты Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова: «Қызды әріптесі қорғамақ болған. Нәтижесінде, кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған. Күдікті кінәсін мойындап, оған күзетпен бұлтартпау шарасы тағайындалды», – дейді.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.