Елордада көпбалалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау басталды, - деп хабарлады Тұрғын үй орталығы. Бұл бағдарламаға «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған көпбалалы отбасылар (тек осы санат) қатыса алады. 161 пәтердің барлығы екі бөлмелі (51-77 ш.м.) Тұрғын үйлер Р. Қошқарбаев даңғылы; Е430 көшесі; Ж.Омаров көшесі; Ж. Нәжімеденов көшесі; А-91 көшесі; Р.Қошқарбаев даңғылы; Мақтымқұли көшесінде орналасқан. Өтініш қабылдау 15 желтоқсанда басталып, 23 желтоқсанға дейін жалғасады. Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде көрсетілген кезеңде («Онлайн сервистер» - «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтінім беру» бөлімі) zhilfond.kz сайты арқылы жүргізіледі. Үміткер Нұр-Сұлтан қаласында «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұруы қажет. Іріктеу «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұрып, құжат тапсырғандар арасында өтеді. Өтініш беру үшін ЭЦҚ кілті; балалардың туу туралы куәлігі/жеке куәлігінің сканерленген нұсқасы (болған жағдайда); мүгедектік туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (болған жағдайда). барлық отбасы мүшесінің Қазақстанда жылжымайтын мүлігінің жоқтығы жайлы анықтама; некені қию/бұзу/өлім/ ф-4 анықтамасы қажет. Өтініштерді қарастыру нәтижесі zhilfond.kz сайтында және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады. Аталған тұрғын үйді берген кезде ұзарту құқығымен 5 жыл мерзімге жалдау шарты жасалады.