Перзентханада сатылып кеткен бала 25 жылдан кейін ата-анасын тауып алды
Перзентханада сатылып кеткен бала 25 жылдан кейін ата-анасын тауып алды
119
оқылды

АҚШ-тың Юта штатының тұрғыны 26 жастағы Белла Барбу 25 жылдан кейін туған ата-анасын іздеп тапты, - деп жазады Sun.

Қыз баланы туғаннан кейін бірден ұрлап әкетіп, басқа отбасыға сатып жіберген. Осылайша нәрестені туған ата-анасын айырған.

Қыз АҚШ-та өскен. Айтуынша, асырап алған ата-анасына мүлдем ұқсамайтын болып өскен. Белла сегіз жасқа келгенде, олар қызға дүниеге келу тарихын айтып берген. Олардың айтуынша, қыз Румынияда дүниеге келген, Белланы биологиялық ата-анасы бас тартқан соң асырап алған. Сондай-ақ асырап алған ата-анасы қызға шын есімін айтқан. Барбу бұл жаңалықты ауыр қабылдағанын айтады. 2019 жылдың шілдесінде бойжеткен асыранды румындарға отбасыларын табуға көмектесетін Facebook -тегі топты тауып алып, жасы мен есімін жазған.  48 сағаттан кейін қауымдастық әкімшісі Белланы 20 жастағы інісі Мойспен хабарластырған. Қыздың бірге туысқан тағы екі інісі мен сіңлілері бар екені белгілі болды. Ал туған ата-анасы Маргарет пен Замбила қазір Римге жақын жерде тұратын болып шықты. Үш аптадан кейін олар қызына телефонмен хабарласты. Айтуларынша, 1994 жылы Белла дүниеге келген кезде отбасының жағдайы нашар болған. Дәрігерлер оларға жаңа туған қыздарының ауырып, бірнеше күннен кейін шетінеп кеткенін айтқан.
"Олар ауруханадан шыққан кезде медбике қуып жетіп, шындықты айтқан. Олар мені ұрлап, сатып жіберген", - дейді қыз.
Осыдан кейін Барбудың ата-анасы қызын табуға тырысқан, барлық балалар үйіне барған, соңғы ақшалары біткенше іздеген, бірақ іздеп таба алмаған. Қыз ата-анасымен кездесу үшін 2019 жылы Римге ұшып барған. Белла олармен төрт күн бірге болған. Енді қыз пандемия аяқталып, шекара ашылған кезде ата-анаасына қайта баруды жоспарлап отыр.