Бразилияда коронавирусқа шалдыққандар саны 7 миллионнан асты
Бразилияда коронавирусқа шалдыққандар саны 7 миллионнан асты
108
оқылды
Бразилияда коронавирус індеті ырық бермей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». Ақпарат көздерінің хабарлауынша, аймақта осы кеселге шалдыққандардың жалпы саны 7 млн-нан асты. Пандемия басталғалы елде 180 мыңға жуық тұрғын коронавирустың құрбаны болды. Соңғы тәулікте Сан-Паулу штатында тіркелген науқастардың саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Жергілікті халық болса биліктің санитарлық талаптарына немқұрайлы қарап отыр. Аймақта әлеуметтік арақашықтыққа мән берілмей, көбі бетперде киюден бас тартуда. Жуырда ел президенті Жаир Болсонару елде жаппай вакцинация науқанын бастау үшін шамамен 4 миллиард доллар қаражат бөлгенін хабарлады. Ал елдің Денсаулық сақтау министрлігі алдағы уақытта 108 млн доза екпе келеді деп уәде етіп отыр. Болжам бойынша Бразилия тұрғындарының 70%-і иммунизациядан өтуі тиіс.