Дубай мен Анкарадағы биік ғимараттар Қазақстан туының түсіне боялды
Дубай мен Анкарадағы биік ғимараттар Қазақстан туының түсіне боялды
336
оқылды
Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында орналасқан, әлемдегі ең биік ғимарат саналатын Бурдж Халифадан және Түркия астанасы Анкарадағы TOBB ғимаратынан Қазақстанның көк туы көрсетілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тәуелсіздік мерекесіне орай Бурдж Халифадан Нұр-Сұлтан уақытымен 21.40-та Қазақстан туының бейнесі көрсетілді», - делінген БАӘ-дегі ҚР елшілігінің хабарламасында.
Желі қолданушылары көк түске боялған алып ғимарат көрінісін БАӘ-гі Қазақстан елшілігінің Facebook-тегі ресми парақшасынан көре алады. Сондай-ақ Қазақстанның Тәуелсіздік күніне байланысты Түркия астанасы Анкара қаласының төріндегі TOBB ғимараты да көк байрақтың түсіне енді.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты Түркияның елордасы Анкара қаласының төрінде TOBB ғимаратында бүгін көк байрағымыз желбіреді», - делінген Қазақстанның Түркиядағы елшілігі әлеуметтік желісіндегі хабарламада.
 width=