Азаматтық некедегі әйелін өртеп жіберді
Азаматтық некедегі әйелін өртеп жіберді
5,124
оқылды

Tengrinews.kz-тің жазуынша, Ақмола облысы Белағаш ауылының 25 жастағы тұрғыны азаматтық некедегі әйелінің үстіне «солярка» шашып, өртеп жіберген.

Полиция мәліметінше, 25 қарашада Жақсы аудандық полиция бөліміне орталық аудандық аурухананың кезекші дәрігері хабарласып, қабылдау бөліміне беті мен мойнын термикалық күйік шалған Белағаш ауылының 32 жастағы тұрғыны түскенін айтқан. 

Жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Тергеу барысында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің анықтауы бойынша, отбасылық жанжал кезінде 25 жастағы күдікті (бұрынсотталмаған) мас күйде жәбірленушінің үстіне солярка құйып, өртеп жіберген».  Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынған. Тергеу жүріп жатыр.