Тәжікстан: Шекара бекетіне шабуылдағандардың арасында әйелдер мен балалар бар
Тәжікстан: Шекара бекетіне шабуылдағандардың арасында әйелдер мен балалар бар
5,138
оқылды

Ca-news.org-ке сілтеме жасаған tengrinews.kz-тің жазуынша, Тәжікстанның ҰҚКД өкілі отбасы мәселелеріне арналған конференцияда тәжік-өзбек шекарасындағы «Ишкобод» шекара бекетіне шабуыл туралы айтты.

ҰҚКД қызметкері Мухаммад Саидов 6 қарашада шабуылда 9 ер адам, 11 әйел және 13 кәмелетке толмаған (төрт жастан он бес жасқа дейін) балалар болғанын айтты.

Алайда олардың шабуыл кезінде қандай рөл атқарғанын айтпады.  Шабуылдағандардың бірі 15 жаста, ол 8-сыныпта оқыған. Жасөспірім мектеп директорынан басқа аймақта тұратын туыстарымен кездесу барамын деген сылтауымен сабақтан сұранған.

Оның шетелде ешқашан болмағаны анықталды. ҰҚКД өкілі конференция барысында қылмыстық топтың Соғды облысында құрылғанын және шабуыл алдында соңғы ай қаскөйлер астаналық ауданының Исмоили Сомони аумағында тұрғанын айтты.

«Бейтаныс адамдарды төраға махалли де, учаскелік милиционер де көрген, бірақ ешкім де бұған мән бермеген», — деді Мухаммад Саидов.

Оның айтуынша, бұл оқиға – қауіпсіздік органдарының салғырттығы мен махалли мен тұрғындар тарапынан қырағылықтың болмауы себебінен екен. Көптеген адам радикал топтарға мүше адамдарды кедейлікпен байланыстырады. Бірақ болған оқиғада шабуылға қатысушылардың барлығы тұрмысы жақсы отбасыларынан шыққан. 

Айта кетейік, 6 қарашада түнгі уақытта 20 адам бетперде киген қарулы топ «Ишкобод» шекара бекетіне шабуылдағанын жазған болатынбыз.