Қарағанды облысы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ю.Залыгин Қарағанды облысымен шектесетін өңірлерде коронавирус жұқтырған азаматтардың төмендегенін ескере отырып, жаңа қаулы (№46) шығарды. Оған сәйкес, облыстың бас санитарының 17 қазандағы №39 қаулының 40 және 52 тармағының бірінші тармақшалары алынып тасталды. «Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 қарашадағы №41 «Бұқар Жырау, Қарқаралы, Осакаров аудандарының аумақтарында орналасқан Қарағанды облысының сыртқы шекараларына кіруді және шығуды бақылау үшін санитарлық бекеттерді орнату туралы қаулысының күші жойылды деп танылсын», - делінген №46 қаулыда. Жаңа қаулысы 18 желтоқсан сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.