Полицейлер із-түзсіз жоғалған 13 жастағы қызды тапты
Полицейлер із-түзсіз жоғалған 13 жастағы қызды тапты
111
оқылды

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Сарыағаш АПБ-не түнгі сағат 23:00 шамасында жергілікті тұрғын арызданды. Әйел кешкі сағат 17:30-дарда қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткенін айтты. Қыздың анасы өз бетінше іздеп таппаған соң, полицейлерден көмек сұраған. Полицейлер жан-жақтан іздестіру нәтижесінде, оны орталық мешіттің жанынан тапты.

Ағасымен ренжісіп қалған қыз үйінен шығып кетіп, мешітте түнеген. Жасөспірім қыз аман-есен.

Қыздың анасы полицейлерге алғыс айтты.