Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Сарыағаш АПБ-не түнгі сағат 23:00 шамасында жергілікті тұрғын арызданды. Әйел кешкі сағат 17:30-дарда қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткенін айтты. Қыздың анасы өз бетінше іздеп таппаған соң, полицейлерден көмек сұраған. Полицейлер жан-жақтан іздестіру нәтижесінде, оны орталық мешіттің жанынан тапты.Ағасымен ренжісіп қалған қыз үйінен шығып кетіп, мешітте түнеген. Жасөспірім қыз аман-есен.
Қыздың анасы полицейлерге алғыс айтты.