27 желтоқсанда коронавирусқа қарсы вакцина егу басталады
27 желтоқсанда коронавирусқа қарсы вакцина егу басталады
110
оқылды

Бұл туралы Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Бұл – Еуропа үшін ең шешуші кезең. 27, 28 және 29 желтоқсанда барлық ЕО бойынша вакцинация басталады. Біз азаматтарды бірге қорғаймыз», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Германия канцлері Ангела Меркель вакцина егу туралы шешім 29 желтоқсанға дейін шығатынын айтқан еді.

Еуропаға вакцина жеткізіліп, келер жылы қаңтардан вакцина егу басталады.