20 млн теңге ұрлады деген күдікпен депутат ұсталды
20 млн теңге ұрлады деген күдікпен депутат ұсталды

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі күдіктіні ұстап, Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алған. Ұсталған адам – «Стар Тайм» ЖШС-нің коммерциялық директоры және Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты екені анықталды.

«Ол аграрлық несие корпорациясының басқарушы директорымен, агроөнеркәсіптік кешенге тиесілі 20 миллион теңгені ұрлады және Ақтөбе облысында лифт сатып алу кезіндегі қылмысқа байланысты күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Түпкілікті шешімді сотта айтылады», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.