Марапаттау туралы куәлік пен төсбелгіні «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров табыс етті.
«Бұл менің жеке жетістігім ғана емес, ең алдымен бұл университет қызметіне және біздің университеттің «Nur Otan» партиясы мүшелеріне берілген жоғары баға деп білемін. Оқу орнымыздағы партия мүшелерінің жалпы саны 730-дан асады. Біздің ортақ мақсатымыз – Елбасы Н.Назарбаев пен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың саясатын жүзеге асыру. Барлық мемлекеттік бағдарламаларды қолдай отырып, біз еліміздің дамуына және қазақстандықтардың өмірін жақсартуға өз үлесімізді қосамыз. Мен еліміздің жетекші саяси партиясы «Nur Otan» мен бізді, «нұротандықтарды» қолдайтындардың барлығына алғысымды білдіремін. Бұл марапат маған және менің партияластарыма одан да үлкен жауапкершілік жүктейді. Өздеріңіз білетіндей, дәл осы «Nur Otan» партиясы мемлекеттік билік пен қоғамның, Президент пен халықтың екіжақты байланысы мен өзара іс-қимылының тиімді арнасына айналды. Қазақстанның қазіргі кездегі барлық табыстары еліміздің бас партиясы мен оның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметімен тікелей байланысты» деді Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев.