Мереке күні той жасаған тұрғын жауапқа тартылды
Мереке күні той жасаған тұрғын жауапқа тартылды
126
оқылды
Дәрігерлердің ескертуіне құлақ аспай, өздерінің ғана емес, жақындарының да денсаулығы мен қауіпсіздігіне бейжай қарап отырғандар бар. Мониторинг топтары мереке күндері рейд шараларын жүргізді. Коронавирусқа қарсы ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, тексеріс барысында бірқатар заңбұзушылық анықталды. Атап айтсақ, Қарағанды облысының Жезқазған қаласындағы «Ұлытау» мейрамханасында 50 адамның қатысуымен той өткен. Жезқазған қаласында пандемия басталғаннан бері барлығы 175 заңбұзушылық анықталған, оның ішінде 19-ы – отбасылық іс-шаралар. Тәртіп бұзушыларға 19 737 690 теңге айыппұл салынды. «Құрметті қазақстандықтар, өз денсаулығыңыз  өз қолыңызда, осыны естен шығармаңыздар» деп ескертеді комиссия.