Тәуелсіздік құрдастары ерекше флешмоб ұйымдастырды
Тәуелсіздік құрдастары ерекше флешмоб ұйымдастырды
124
оқылды
Қазақстан Халық партиясының белсенділері мен жастары Тәуелсіздіктің 29 жылдығына орай ерекше флешмоб ұйымдастырды. Олар елордадағы орталық саябақта қаз-қатар тізіліп 29 санын бейнелеп шықты.
Осылайша, ұйымдастырушылар мен қатысушылар қазақстандықтарды құттықтап қана қоймай, мұндай маңызды мерекелерде ерекше форматта құттықтауға болатынын көрсетті. Акцияға 45 адам қатысты. Олардың бәрі Тәуелсіз Қазақстанның құрдастары.   Флешмобты Қазақстан Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров та қолдады. Оның айтуынша, бұл күннің бәріміз үшін маңызы зор. Себебі, ол – еркіндіктің, келісім мен бейбітшіліктің мерекесі. «Жаңа өзгерістердің уақыты келді. Қазақстан Халық партиясының басты міндеті –  ел азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғау. Нақ осы негізгі қағидаттар бізді Отанымыздың одан әрі дамуы мен гүлденуі үшін жұмыс істеуге итермелейді, ынталандырады. Елдің жетістігі Сіз бен бізге тікелей байланысты. Баршаңызға баянды бақыт пен мықты денсаулық, бейбіт өмір мен мол береке тілеймін!» – деді Айқын Қоңыров.