Бизнесті қолдау басым бағытқа айналады
Бизнесті қолдау басым бағытқа айналады
117
оқылды

Тұрар Рысқұлов ауданында облыстық мəслихат депутаттығына кандидат Аралбек Қораласбаев ZOOM платформасы арқылы кәсіпкерлермен тікелей эфирде кездесу өткізді. Кандидат  «Nur Otan»  партиясының сайлауалды бағдарламасының басымдықтарын таныстырды.

– Шағын және орта бизнесті дамыту өңір экономикасының өсу қорларының бірі болып табылады. Алайда, COVID-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты секторлары ең көп зардап шекті. Партия неғұрлым зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру есебінен «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін қолайлы жағдайлар жасайтын болады. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы «Бизнестің жол картасы-2025» шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің кемінде 250 жаңа жобасына жыл сайынғы қаржылық қолдау көрсетуге, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Тараз, Жаңатас, Қаратау қалаларында кемінде 35 жобаны іске асыруға және 2,6 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелендіруге, «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде кемінде 20 басым жобаны жыл сайын қаржыландыруға және іске асыруға, екінші деңгейлі банктердің, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 2,2 мыңнан аса жобаға кәсіпкерлерге несие беру тетіктерін кеңейтуге ықпал етеді. Бұл шаралар 2025 жылға қарай шағын және орта бизнестің қолданыстағы субьектілерінің санын 93,3 мыңға ұлғайтуға мүмкіндік береді, ШОБ жұмыспен қамтылғандар саны 155,1 мың адамға өседі, – деді Аралбек Қораласбаев. Кездесу соңында партияның 2025 жылға дейінгі  мақсат-міндеттері сөз болып, сайлауалды бағдарламаның мән-маңызы түсіндірілді.

 «Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.