Тақыр Балықбаев: «Жастар – еліміздің болашағы»

Тақыр Балықбаев: «Жастар – еліміздің болашағы»

Алматыда мәслихат депутаттығына кандидаттар Тақыр Балықбаев, Тимур Нұртаев және Әйгерім Жақсылық жастарға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілерін түсіндіріп, жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы және оның әлеуетін дамыту мәселелеріне тоқталды.

«Жаңа ұрпақ Қазақстанның стратегиялық дамуының қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Біз жас талантты және болашағы зор алматылықтарға ерекше үміт артамыз. Қалалықтардың жаңа буынын жаңа мүмкіндіктермен қамтамасыз ету үшін партия «Jas Otan» жастар қанатымен бірлесіп, жастарды нәтижелі жұмыспен қамтамасыз етуге, жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге және қолдауға, студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға, жастардың әлеуметтік лифтісі үшін жағдай жасауға, «NEET» санатындағы 3 мыңнан астам жастарды кәсіптік оқытуға қол жеткізетін болады», – деп атап өтті өз сөзінде Тақыр Балықбаев. Айта кетейік, Алматыда жастардың өзін-өзі танытуына және әлеуетін дамытуға барлық жағдай жасалған. Бүгінде қалада 692 мыңнан астам жас тұрады, оның 233 мыңнан астамы – студенттер. Сайлауалды бағдарлама аясында 5 мың жасты уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін «Жасыл ел» жобасын және 5 мың жас маманға арналған «Жастар практикасы» бағдарламасын іске асыру жоспарлануда. Студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін 2022 жылдың соңына дейін 25 ЖОО-да 16 мың орындық 38 жатақхана салу, сондай-ақ колледждерде 600 орындық 2 жатақхана салу жоспарлануда. Жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету және қолдауды іске асыру мақсатында «Алматы жастары 3.0» төмен пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үй алу бағдарламасы жалғаса береді. Жұмысшы жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы «Бақытты отбасы» және «Отбасы институттары» орталықтары арқылы жүргізілетін болады.

«Nur Otan» партиясы Алматы қаласының сайлау қорының қаражатынан төленді.