Отанға деген адалдық
Отанға деген адалдық
523
оқылды
Алматы қаласының Республика алаңындағы Қазақстан Тәуелсіздігі монументіне гүл шоқтары қойылды.
Еліміздің басты мерекесін Қазақстан Халық партиясы Алматы қалалық партия комитетінің белсенділері осылай атап өтті. Салтанатты іс-шараға қатысушылар алдында  Парламент  Мәжілісінің депутаттығына үміткер Әлібек Шапенов сөз сөйледі.
– Тәуелсіздік күні – ұлттық мереке. Оның біз үшін орны ерекше. Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында мемлекетті қалыптастырудың, ұлт бірлігін нығайтудың, жаңа экономикалық модель құрудың қиын да маңызды жолдарынан өтті. Біз, қазақстандықтар, әрбір адам толыққанды, бақытты өмір сүретін, өзінің һәм балаларының болашағына сеніммен қарайтын гүлденген ел, қуатты мемлекет құру жолындағы қадамдарымызды жалғастыра береміз, – деді ол.
 width=