Статистика комитеті Қазақстан халқының саны қаншаға жеткенін хабарлады
Статистика комитеті Қазақстан халқының саны қаншаға жеткенін хабарлады
230
оқылды
Қазақстанда халық саны 18 833,1 мың адамға жетті. Ақпаратты Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті жариялады. 2020 жылғы 1 қарашада елімізде халық саны 18 833,1 мың болған. «Оның ішінде қалалықтар – 11 109,8 мың (59%), ауылдықтар – 7 723,3 мың адам (41%). Ерлердің саны 9 136,8 мыңға жетсе, әйел саны көбірек - 9 696,3 мың» делінген ақпаратта. Комитеттің мәліметі бойынша, 2019 жылғы 1 қарашамен салыстырғанда халық саны 240,4 мыңға немесе 1,3 пайызға өскен. Ең үлкен өсім еліміздің 3 өңірінде тіркелді: Алматы (64,8 мың адам), Нұр-Сұлтан (48,9 мың адам) және Шымкент қалалары (36,4 мың адам).