«Қазгидрометтің» мәліметінше, облыс аумағында тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.
Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу үшін сақтық шараларын күшейтті.Тұрғындарға ауа райына байланысты алыс жолға шықпауға кеңес береді.