Диетолог-дәрігер шәйдің кімдерге зиян екенін айтты
Диетолог-дәрігер шәйдің кімдерге зиян екенін айтты
150
оқылды

Ресейлік диетологтардың ұлттық қауымдастығының мүшесі, диетолог Марина Макиша шәйдің қандай түрі зиянды екендігі туралы айтты, – деп жазады «Аргументы и факты» басылымы.

Шәй жапырақтарында көптеген биологиялық белсенді органикалық қосылыстар бар – полифенолдар, таниндер, кофеин, минералды тұздар, олар пайдалы қасиеттерге ие. Сонмен бірге, бірқатар жанама әсерлер де береді.. «Шәй кейбір адамдардың жүрегін көтеріп, тіпті қан қысымын жоғарылатуы мүмкін. Шәй адамның генетикалық ерекшеліктеріне байланысты да түрлі әсер етуі мүмкін сусын екенін әрдайым есте ұстаған жөн», – деді диетолог.

Сарапшы асқазанында және ішегінде ойық жарасы бар адамдарға шәй ішуді шектеу керек екенін айтады, әйтпесе асқазанның қышқылдығы жоғарылайды. Сондай-ақ, кофеин концентрациясының жоғарылауына байланысты шәй бас ауруын тудырып, жүйке жүйесін бұзуы мүмкін.

Көк шәйді оксалатты нефропатиясы және бүйрек қызметі бұзылған адамдар өте аз мөлшерде ішуі керек. Себебі, қара шәйға қарағанда көк шәйдің құрамында көп мөлшерде оксал қышқылының тұздары бар.

Ұйқысыздықтан зардап шеккен адамдар үшін қатты қайнатылған қара шәй ішуге болмайды.

«Егер сіз қара немесе көк шәй ішсеңіз және ішкеннен кейін нашар сезінетініңізді байқасаңыз, өзіңізді шектеуіңіз керек», – деп кеңес береді диетолог.

Лимон немесе зімбір қосылған шәй суық тиген адамға пайдалы, бірақ есіңізде болсын, бұл қоспалар асқазан-ішек жолдары ауруы барларға зиянды болуы мүмкін, өйткені олардың шырышты қабаттары тітіркенеді.

Аллергиялық бронхит, ринит және демікпесі бар адамдар шөп шәйдан бас тартуы керек.

«Шөп шәй, түймедақ қосылған шәй қара немесе көк шәй сияқты қан қысымына әсер етпейді. Бірақ олар аллергиялық реакция тудыруы мүмкін», – деп түсіндіреді Марина Макиша.