26 қаңтар, жексенбіде Халықаралық теннис федерациясы коронавирустың өршуіне байланысты теннистен халықаралық біліктілік турнирінің Қытайдан Қазақстанға өтетіні туралы хабарлады. Бұл туралы The New York Times жазды деп хабарланды instagram.com-дағы astana_city парақшасында. 4-8 ақпан аралығында Донггуанда (Dongguan) өткізілуі тиіс турнир дәл сол күндері Нұр Сұлтанда өтеді. «Іс-шараны кейінге қалдыру туралы шешім Қытайдағы қозғалыс шектеулеріне байланысты және тәуелсіз қауіпсіздік кеңесшілерімен кеңескеннен кейін қабылданды», – делінген федерацияның хабарламасында. Теннис федерациясы кубогына Қытай, Тайвань, Үндістан, Индонезия, Оңтүстік Корея және Өзбекстан командалары қатысуы керек. Осыған байланысты instagram-да көптеген желі қолданушы пікір жазып, турнирді өткізуден елімізге қауіп жоқ па деген алаңдаушылығын білдіруде.