Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Елбасы: Талантты жастар – елдің үміті (фото)

Нұрбек БАҚЫТ
Қараша 28, 2019
Саясат
536
қаралым

Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтады

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалап көмек көрсетті

Жоғары оқу орындарының саны неге қысқарып жатыр?

Елбасы талантты жастармен жүздесті.

Elbasy.kz-тің жазуынша, кездесу барысында жас көшбасшылар Нұрсұлтан Назарбаевқа өздерінің жетістіктері мен түрлі салалардағы жаңалықтары туралы айтып берді.

Адами капиталды дамытудың маңыздылығын айта келе, Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаһандық дамудың заманауи қатерлері мен әлемдік трендтеріне тоқталды.

27-11-2019-fond00004.jpg

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев жастарға одан әрі өсуге тең жағдай жасау үшін қолға алынып жатқан шаралар туралы айтты.

– Жастар жылы аясында талантты және қабілетті жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған «Ел Yмiтi» бастамасын ұсындым. Бұл бастаманы Тұңғыш Президент қоры қолға алып, мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Қазір Қор ауқымды трансформация кезеңін өткеруде. Қор білім беру, әлеуметтік даму және жастар бастамаларын жан-жақты қолдау құрылымына айналады, – деді Елбасы.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев «Ел Yмiтi» бастамасы аясында алдағы атқарылатын жұмыстардың маңызды бағыттарына тоқталды.

– Біз студенттердің қабілеттері мен кәсіби бағдарын анықтайтын кешенді жүйе құрамыз. 2020 жылы барлық өңірлерде оқушылардың қабілеттері мен кәсіптік бағдарын ерте анықтайтын арнайы орталықтар ашылады. Онда дарынды балалардың қабілетін диагностикалаудың үздік әлемдік тәжірибеге негізделген заманауи әдістері қолданылатын болады, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

27-11-2019-fond00001.jpg

Сондай-ақ, Елбасы жақын арада елордада үздік білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін болашақ мамандықтардың орталығы мен арнайы ақпараттық алаң құрылатынын айтты.

Жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев ауыл мектептерін қолдау бойынша жоспарланған шараларға тоқталды. Мәселен, Тұңғыш Президент Қоры бағдарламасы аясында «Мың бала» олимпиадасы ұйымдастырылады.  Нәтижесінде ауыл мектептеріндегі 1000 үздік оқушы талантты балаларға арналған «Дарын»  мектептерінде білімін жалғастыруға мүмкіндік алады.

27-11-2019-fond00005.jpg

Сонымен қатар, арнаулы бағдарлама бойынша ауыл мектептерінің модернизациясы жүргізілетін болады. 2020 жылы бірінші кезеңде 14 мектеп таңдалады.

– Бағдарлама аясында осы мектептердің педагогтары республикалық интеллектуалдық мектептер мен жетекші халықаралық университеттерде оқытудың заманауи әдістерін меңгереді, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Елбасы жас көшбасшылар тобын құру процесіне де ерекше назар аударды.

– Біз көшбасшылық қасиеттерді дамыту, сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді күшейту үшін арнайы жобаны қолға алдық. Жастарды өзін-өзі дамытуға және жетістікке жетелейтін мұндай бағдарламалар әлемде өте танымал. Жаңа бағдарламада 7 бағыт қамтылады: физикалық даму, тұлғалық қасиеттерді дамыту, кітап оқу, еріктілердің қызметіне атсалысу, экспедициялар мен сапарларға қатысу, ұлттық мұраны сақтау және тәжірибе жинау, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

27-11-2019-fond00010.jpg

Сонымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президенті экономиканың түрлі салаларында мамандар даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

– Басты талап – үздік білім мен әлемдік жетекші компанияларда жиған тәжірибе ғана емес, сондай-ақ, топта жұмыс істеу, күрделі міндеттерге жауапкершілікпен қарау және жұмысты соңына дейін жеткізу шеберлігі. Бағдарлама бойынша іріктеуден өткен әр маман өзгерістерді басқару менеджері деңгейіне дейін оқытылады – деді Елбасы.

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды «Ел Үміті» бастамасын іске асыруға белсене қатысуға шақырды.

– Бұл бастамаға бүкіл қоғам, әсіресе, аға буын бір кісідей атсалысса, нәтижелі болатынына сенімдімін. Ұстаздар қауымы мен шығармашылық интеллигенцияны осы жобаларды қолдауға шақырамын, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

 
Тегтер: білімҒылымел үмітіЕлбасыжастарНұрсұлтан Назарбаев
Алдыңғы жаңалық

Диетолог-дәрігер шәйдің кімдерге зиян екенін айтты

Келесі жаңалық

Министр: 2040 жылдан кейін мемлекеттің тарапынан тағайындалатын зейнетақыға шығатын адамдар болмайды

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде баспана мәселесі қашан шешіледі?
Әлеумет

Елімізде баспана мәселесі қашан шешіледі?

Ақпан 26, 2021
Артур Платонов, Nur Otan, Бауыржан Байбек, Nur Otan Партиялық бақылау комитеті
Жаңалықтар

Артур Платонов Nur Otan Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Ақпан 26, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев, Kaspi.kz, Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе
Жаңалықтар

Тоқаев Kaspi.kz-тің негізін қалағандарды қабылдады

Ақпан 26, 2021
Тоқаев
Саясат

Жер шетелдіктерге сатылмайды

Ақпан 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Боранды күні үйінен шығып кеткен ер адамның денесі табылды

Ақпан 26, 23:44

Суперкубок матчтарына көрермен келуіне рұқсат етілді

Ақпан 26, 23:10

Алимент төлемеген әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Ақпан 26, 22:45

Ақтауда көпқабатты үй өртеніп, төрт бала құтқарылды

Ақпан 26, 22:04

1 наурыздан бастап әскерге шақыру науқаны басталады

Ақпан 26, 21:38

Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Ақпан 26, 21:07

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды

Ақпан 26, 20:55
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

боран

Боранды күні үйінен шығып кеткен ер адамның денесі табылды

Ақпан 26, 2021
суперкубок

Суперкубок матчтарына көрермен келуіне рұқсат етілді

Ақпан 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»