Тоқаев Франция президентінің коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді
Тоқаев Франция президентінің коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

Бұл туралы Президент Twtitter-дегі парақшасында жазды.

«Президент Эмманюэль Макронға тезірек сауығып, Францияның игілігі жолындағы белсенді қызметін жалғастыруына тілектеспін. Халықаралық қауымдастық күш-жігер біріктіре отырып, коронавирусты еңсереді деп сенемін!», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, Франция президенті Эмманюэль Макронның коронавирусқа шалдыққанын жазған болатынбыз.