Уханьда дәмханалар мен түнгі клубтар қайтадан жұмыс істей бастады
Уханьда дәмханалар мен түнгі клубтар қайтадан жұмыс істей бастады

Қытайдың Ухань қаласында дәмханалар, түнгі клубтар қайтадан қалыпты режимде жұмыс істей бастады.

Бетпердесіз жүргендер де көп. Өйткені мамыр айынан бері қалада бірде-бір коронавирусқа шалдығу дерегі тіркелмеген.

Айта кетейік, коронавирус алғаш рет Қытайдың Ухань қаласында тіркелген болатын. Аурудан 4 мыңға жуық адам қайтыс болды.