«Қазгидрометтің» болжамынша Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай өңірлерінде боран соғып, көктайғақ болады.
Түркістан мен Жамбыл облыстарында тұман түседі.Солтүстік Қазақстан, Қарағанды мен Ақмола аймағында желдің екпіні күшейіп, секундына 25 метрге дейін жетуі ықтимал.