Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс Айтматовтың үйіндегі музейді аралады (фото)
Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс Айтматовтың үйіндегі музейді аралады (фото)
271
оқылды

Akorda-ның хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қырғызстанға жасаған мемлекеттік сапарының мәдени іс-шаралар бағдарламасы аясында президент Сооронбай Жээнбековпен бірге қырғыз халқының көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовтың үйіндегі музейге барды.

Қазақстан Президенті қаламгердің 22 жыл бойы тұрған үйінде ашылған музейдегі жәдігерлермен танысты.


Шынгыс.jpeg

Жазушының әйелімен және баласымен әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті  Ш.Айтматовпен 1989 жылы Пекинде танысқан сәтін еске алды.


Шынгыс.2.jpeg

Мемлекет басшысына Бішкек қаласында Ш.Айтматов атындағы мәдени орталық ашылатыны туралы айтылды.

Шынгыс3.jpeg

Экскурсия соңында Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына естелік қолтаңбасын қалдырды.

Шынгыс 5.jpeg
Akorda.kz