Нью-Йорк: Электронды темекіге тыйым салмақ
Нью-Йорк: Электронды темекіге тыйым салмақ
142
оқылды

24.kz-тің жазуынша, Нью-Йорк билігі электрондық темекіге тыйым салатын заң жобасын қабылдады.

Құжатты қалалық кеңестің 42 өкілі қолдаса, тек 2 адам қарсы шыққан. Шешім электрондық темекіні сатушыларға тыйым салады. Осылайша, шаһар билігі электронды темекіні қолданушы жастардың көбеюіне тосқауыл қоймақ. Қала мэрі Билл де Блазио заң жобасына қол қоятынын мәлімдеді.

Ал ресми дерекке сүйенсек, АҚШ-та 5 миллион жеткіншек электронды темекіні пайдаланады. Нью-Йоркта әр төртінші оқушы қолданады.

Еске сала кетейік, электронды темекі мәселесін «Айқын» газетінде «Трендтегі темекі: будан шыққан у» деп жазған болатынбыз.