Косметологты өлтірген азаматтық некедегі күдіктілерге қатысты сот шешімі шықты
Косметологты өлтірген азаматтық некедегі күдіктілерге қатысты сот шешімі шықты
129
оқылды

КТК телеарнасының хабарлауынша, Алматы облысында косметолог Батура Мамедованың ісіне қатысты сот үкімі шықты.

Телеарнаның хабарлауынша, Жангелді Қобыланов пен Айдана Береноваға қарақшылық және адам өлтіру бабы бойынша айып тағылған. Күдіктілердің сотта 40 жастағы келіншекті жауыздықпен өлтіргені толық дәлелденді. 28 жастағы Жангелді Қобыланов 17 жылға, ал 27 жастағы Айдана Беренова 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Күдіктілер азаматтық некеде тұрған ерлі-зайыптылар болған.

Еске сала кетейік, оқиға мамыр айында Алматы облысында болған. Із-түссіз жоғалған косметолог Батура Мамедованың денесі үш аптадан соң табылды. Күдікті ретінде азаматтық некедегі ер мен әйел ұсталды.